» » Қармақшыда конституция күні мерекеленді

Қармақшыда конституция күні мерекеленді


Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік іс-шара өтті.
Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын маңызды құжат.
Конституцияның негізгі тірегі - халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.
Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың əл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді, – деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы.
Мұнан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Мерекелік іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
27 тамыз 2022 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031