Құрылтай
» » Тәуелсіздік күнін атап өтті

Тәуелсіздік күнін атап өтті

ЖОСАЛЫ, 13 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Бүгін Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті.


Жиында аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы мерекесімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік–экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала үздіктерін облыс әкімі және аудан әкімінің алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның Алғыс хатымен Гүлжауһар Төлегенқызы, Төлеу Айманұлы және «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізілген рухани мұра ұлттық құндылығымыз жыр-термені насихаттауға арналған «ЖЫР-АМАНАТ» концерт-спектакліне қатысқаны үшін Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің дипломымен марапаттады.


Мерекелік салтанатты жиында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, салтанатты жиын аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

13 желтоқсан 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31