» » Қармақшыда Конституция күні жоғары деңгейде аталып өтті

Қармақшыда Конституция күні жоғары деңгейде аталып өтті

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтап, әр саланың үздіктеріне алғыс хат табыстады.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Үсенұлы " Ата Заңымыз Конституция егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.
Ата Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді"- деп атап айтып өтті.
Сонымен бірге шарада алғашқы мемлекеттік қызметке орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімі болды.
Салтанатты шара ауданымыздың мәдениет майталмандарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 тамыз 2019 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031