» » ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланған. Осыған орай бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру мақсатында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен еңбек адамдарына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Қабылдау барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен жариялаған жылдың маңыздылығына тоқталып, еңбек адамдарының ауданымыздағы күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі қызметтерін атап өтті.

Шара аясында ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар еңбек адамдары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ қабылдау барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, еңбек адамдарын құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Жиында Жандос Еркінбек:

-Ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім, медицина, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстар – еңбек адамдарының күнделікті қызметінің нәтижесі. Әрбір жетістіктің артында жауапкершілік пен тынымсыз еңбек тұр. Әр жұмысшы – ауданның дамуына үлес қосып отырған азамат. Осы орайда барша еңбек адамдарына алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деп шараны қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 желтоқсан 2025 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930