Топ-баннер
Топ-баннер2
» » МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен қоғам белсендісі, «Сыр дидары» газетінің тілшісі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының аудандық өкілі Қуаныш Жақсылықұлы Төреевтің 70 жасқа толуына орай салтанатты қабылдау өтті.

Шараға ауданның ел ағалары және ардақты азаматтарымен қатар, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ерғазы Қожақов арнайы келіп қатысты.

Қабылдау барысында Жандос Еркінбек мерейтой иесінің қоғам өміріндегі белсенді қызметіне тоқталып, оның ұзақ жылдар бойы ауданның қоғамдық мәселелерін көтеріп, халық пен билік арасында алтын көпір бола білгенін атап өтті. Сонымен қатар «Сыр дидары» газетінде атқарған еңбегі мен саладағы азаматтық ұстанымы ерекше бағаланды.

Салтанатты шарада аудан әкімі қоғам белсендісіне ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

Сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ерғазы Қожақов, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде Қуаныш Жақсылықұлы да жиналған қауымға ризашылығын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 желтоқсан 2025 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031