» » АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – ең жауапты әрі құрметті міндеттердің бірі.
Осыған орай бүгін аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлеріне арналған «Адам жанының шипагерлері» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, аудандық мәслихат төрағасы, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері және жергілікті қауым өкілдері қатысты.

Шара аудандық дәрігерлер қауымының атқарған қажырлы еңбектері мен қызметтері баяндалған бейнекөрініспен басталды.

Мұнан соң сахна төріне көтерілген аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап ,денсаулық сақтау саласының ел дамуындағы маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған реформаларын жүзеге асыруда жергілікті мамандардың атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берді.

-Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жанкешті еңбектеріңіз – аудан халқына сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған маңызды тірек. Ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны әрдайым биік. Халық алғысына бөленіп, ел үмітін ақтап, абырой биігінен көріне беріңіздер! , – деді аудан әкімінің орынбасары өз құттықтауында.
Медицина қызметкерлері мерекесіне орай бірқатар сала мамандары марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында ұзақ жылдар еңбек етіп, ауданымыздың медицина саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге облыс, аудан әкімінің “Алғыс хаты” мен ”Құрмет грамотасы" табысталды.

Салтанатты шараға арнайы келіп қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков та ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы салада табанды еңбек етіп келе жатқан бір топ мамандарға облыстық денсаулық сақтау басқармасының “Алғыс хаты”, сондай-ақ, ”Құрмет грамотасымен" марапаттады.

Мерекелік кеште аудан өнерпаздарының және медицина саласы мамандарының әуезді әндері шырқалып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында қажырлы еңбек етіп жүрген сала мамандарына арналған бұл шара жылы атмосферада, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде қорытындыланды.

13 маусым 2025 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930