» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті дәрігерлер, адам жанының арашасы атанған абзал мамандық иелері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдаған ақ халатты абзал жандардың мерекесі.
“Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы” дегендей қажет кезде жанымыздан табылатын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше.
Біздің әрқайсымыз үшін жақын туғандарымыздың өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ. Дәл осы баға жетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік денсаулық сақтау саласының мамандарына жүктелген.
Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратып, әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз.
Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру бағытында басты мақсаттарды Сіздермен бірге бағындыра аламыз.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында үздік денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар белгіленіп жүргізілуде.
Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің басты мақсатымыз.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден құрметтеген.
Бұл мамандық кез келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең ізгі, мейірімді мамандық.
Сіздердің кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелесін.
Адам денсаулығын сақтау жолындағы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, қызметте әрқашанда абырой биігінен көрініп, еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов

19 маусым 2022 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031