Құрылтай
» » Аудан әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады


ҚҰРМЕТТІ АУДАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ!

ҚАДІРЛІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!
Баршаңызды құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс саласы қоғамдағы өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі. Сондықтан құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық.
Ауданымыздың коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға, жол сапасын жақсартуға кешенді шаралар қабылданып, қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіліп  келеді. Жекелеген тұрғындар да жер учаскелерін алып, тұрғын үйлер салуда.
Құрылыс саласының қарқынды дамуының тағы бір жарқын көрінісі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жол құрылысы мен әлеуметтік нысандардың бой көтеруі. Мұндай атқарылып жатқан жұмыстар ауданымыздың құрылыс саласының дамуындағы өзгерістерді аңғартады.
Құрметті құрылысшылар!
Алдағы уақытта да сапалы жолдармен сәулетті ғимараттардың бой көтеруіне Өздеріңіздің үлестеріңізді қосып, абырой биігінен көріне берулеріңізге шынайы тілектеспін!
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, құрылыс саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлеріне мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және ауданымыздың игілігіне арналған жұмыстарыңызда зор  табыстар тілеймін!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Қ.Нұртай  
07 тамыз 2021 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31