» » Аудан әкімі су шаруашылығы саласының қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі су шаруашылығы саласының қызметкерлерін құттықтады

Баршаңызды 9 шілде - Су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде ауданымызда негізгі экономикалық басымдылық берілген сала ауыл шаруашылығы өндірісі болғандықтан, су шаруашылығы саласы маңызды рөл атқарады.
Ауыл шаруашылығы суармалы суға тікелей байланысты екені белгілі, осы ретте су тапшылығының алдын алу үшін өңірімізде бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Күнделікті өмірде «Су тіршілік көзі» деп айтатын болсақ, тұрғындарды ауыз сумен қамту, егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуде осы аталған жұмыстардың барлығы су шаруашылығы қызметкерлеріне жүктелген.

Бұл шаруаларды тыңғылықты етудегі су шаруашылығы қызметкерлерінің үлесі зор, олар тәжірибелі, өз ісіне шын берілген мамандар деп есептейміз.

Өздеріңіздің шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізді ұштастырып, қызметтік міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарып, су шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.

Алдағы уақытта да тәжірибелеріңізді ел игілігіне арнап, абырой биігінен көріне беретіндеріңізге сенімдеміз.
Бүгінгі кәсіби мерекеде Өздеріңізге мықты денсаулық, еңбектеріңізге зор табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков


09 шілде 2021 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930