» » Аудандық аурухананың бас дәрігері әріптестерін мерекемен құттықтады

Аудандық аурухананың бас дәрігері әріптестерін мерекемен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Әрқайсыңыз жүрегіңіздің шақыруы бойынша өз тағдырыңызды терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, ең бастысы – сезімталдықты, жауаптылықты және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырдыңыз.

Біздер екі жыл бойы көрінбейтін жаумен күрестік . Әр науқастың денсаулығын сақтау үшін өз денсаушылықтарыңызды аяған жоқсыздар. Ауру және пандемия салдарынан ауырған және сауыққан жандардың артында мыңдаған медицин а қызметкерлерінің қажырлы еңбегі жатыр. Бұл еңбегімізді қазіргі таңда халық бағалап , алғыстарын білдіруде.

Бүгінгі таңда халыққа жасалып жатқан Ковидке қарсы екпе жұмыстарына да біздің ақ халаттылар нәтижелі көрсеткіштерге жетіп, халық денсаулығын қорғап келеді.

Біздің барлық медицина қызметкерлерімізге олардың ауданымыздың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті дәрігерлер, фельдшерлер, мейіргерлер, кіші медициналық қызметкерлер, сіздер өз мамандықтарына адал жүректеріңіз бен жан – дүниелеріңізді беріп жұмыс істейсіздер.

Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, татулық, табыс тілеймін! Әрқашан мерейлеріңіз үстем болсын !

Құрметпен,
Қармақшы аудандық аурухананың бас дәрігері
Бақытжан Сағилатұлы.
18 маусым 2021 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930