Құрылтай
» » ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен ел игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген және азаматтық ерлігімен көпшілікке үлгі болған жерлестерді салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Жиын барысында аудан әкімі алдымен белгілі сазгер, әнші, ұлағатты ұстаз Құлмырзаев Керекжан Қожанұлын мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтап, оның білім беру саласы мен ұлттық өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесін жоғары бағалады. Көп жылдық шығармашылық және ұстаздық еңбегі арқылы өңірдің рухани дамуына зор үлес қосқан мерейтой иесіне аудан жұртшылығының атынан ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, адам өмірін сақтап қалуда ерекше ерлік көрсеткен жерлестер – Астана қаласы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Мұхамбетов Салават Серікұлы мен Жосалы кентіндегі жағажай құтқарушысы Орынбеков Дәулет Бақытжанұлына құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі өз сөзінде олардың батыл әрекеті мен жоғары азаматтық жауапкершілігі елге үлгі екенін атап өтіп, мұндай игі істердің қоғамда адам өмірінің қадірін арттырып, жастарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие екенін айтты.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, құрмет иелеріне тілектерін білдірді.

Өз кезегінде құрметке ие болған азаматтар көрсетілген ілтипат пен жоғары бағалау үшін аудан басшылығына және аудан тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.

18 шілде 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 488
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 981

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031