Құрылтай
» » Ақ жол, жас түлек!

Ақ жол, жас түлек!




Мамырдың шуақты күнімен қатар келетін мектеп бітіру жиыны – білім ордасындағы балдәурен шақпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басар ерекше белес. Осыған орай бүгін Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шарасы өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, ұстаздарды, ата-аналарды және бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.

«Қай салада жүрсеңіздер де, ең бастысы – туған жерге қызмет етер азамат болу. Сондықтан ешқашан ізденуден, үйренуден жалықпаңыздар. Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жарқын болашағы Сіздердің қолдарыңызда! Осы сәтті пайдаланып, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген барша ұстаздар қауымына облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының және аудан жұртшылығы атынан зор ризашылығымды білдіремін»,- деді.

Биыл аудан бойынша 903 оқушы мектеп бітірсе, олардың 91 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. 61 оқушы «Алтын белгіге», 81 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, ардагер ұстаз Райкүл Қаратаева, мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы Есет Назарқұлов оқушыларға ақ жол тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Шара барысында мектеп түлектері әсем ән шырқап, қоштасу вальсін билеп, мектепке деген ыстық ықыластарын жеткізді. Сонымен қатар озат оқушылар мен «Алтын белгіге» үміткер түлектерге құрмет көрсетіліп, білім кілтін келесі буынға табысталды.

Кеш соңында түлектерге ақ жол тіленді.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 мамыр 2026 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031