» » «ЖАСТАР АЛАҢЫ – БОЛАШАҚ БАҒЫТЫ»

«ЖАСТАР АЛАҢЫ – БОЛАШАҚ БАҒЫТЫ»


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің болашағы – білімді, саналы жастардың қолында» деп атап өткен болатын. Сондықтан жастардың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу – қазір маңызды міндеттердің бірі.

Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің мектеп бітіруші түлектермен «Жастар алаңы – болашақ бағыты» атты еркін форматтағы кездесуі өтті.

Кездесуде аудан басшысы жастармен ашық пікір алмасып, білім алу, мемлекеттік қолдау мен жаңа бастамалар аясындағы сұрақтарға жауап берді.

Жиында оқушылар тарапынан аудан жастарына жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы да сауалдар қойылды. Соның ішінде: «Аудан жастарының қала жастарымен тең мүмкіндігі үшін қандай бағдарламалар іске асады?» деген сұраққа аудан әкімі:

– «Биылғы жылы жастарымыздың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық IT парк филиалы ашылды. Мұнда робототехника, жасанды интеллект арқылы сайт құрастыру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағыттары тегін оқытылады. Бұл болашақтарыңызға үлкен мүмкіндік! Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс аясында бір әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Сондықтан беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып, үнемі ізденіп, білім алуға ұмтылуларыңыз қажет», – деп атап өтті.

Кездесу барысында ауданымыздың мерейін асырып, түрлі салаларда жетістікке жеткен белсенді оқушылар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз сөйлеп, елдің ертеңі жас ұрпаққа ізгі лебізін білдірді.

Жиын соңында Жандос Еркінбек жастарға ақжарма тілегін білдіріп:
«Қай салада жүрсеңіздер де, ең бастысы – туған өлкеге пайдалы азамат болу. Қазіргі заман – білім мен еңбектің заманы. Сондықтан ешқашан ізденуден, үйренуден жалықпаңыздар. Біздің ауданымыз сіздерден үлкен үміт күтеді. Ертең ел дамуына үлес қосатын дәрігер де, мұғалім де, инженер де, кәсіпкер де өз араларыңыздан шығатынына сенемін. Қай жерде жүрсеңіздер де туған жерге деген жанашырлықтарыңыз жоғалмасын», – деді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 722

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031