» » Жастарға жаңа мүмкіндік: Ауданда «IT PARK» филиалы ашылды

Жастарға жаңа мүмкіндік: Ауданда «IT PARK» филиалы ашылды


Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрландыру – экономиканың барлық саласының дамуына серпін беретін негізгі бағыттардың біріне айналды. Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы осы саланың маңызын айқындап отыр. Осыған орай бүгін ауданымызда алғаш рет «IT Park Qarmaqshy» филиалы ашылуда. Маңызды шара аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек орталықтағы жасалған робототехника жобаларымен танысып, ерекше бастамаға өзінің оң бағасын берді.

Сонымен қатар аудан әкімінің төрағалығымен «IT Park Qarmaqshy» филиалының жұмысына арналған мәжіліс өткізіліп, аудан басшысы:
«Бұл орталықта аудан жастары басқа өңірлерге бармай-ақ, бағдарламалау, робототехника және графикалық дизайн сияқты «болашақтың мамандықтарын» игере алады. Бұл аудан жастары үшін үлкен мүмкіндік. Егер жастарымыздың жаңа идеялары болса, осы орталық оны дамытуға, жүзеге асыруға көмектесетін алаңға айналады. Қармақшыдан шыққан жас таланттарымыз ертеңгі күні әлемдік деңгейдегі IT-алпауыттардың қатарында жүрсін деп тілеймін», – деп атап өтті.

Жиын барысында IT Park орталығының жетекшісі Жанболат Сәдібеков орталықтың негізгі жұмысымен таныстырып өтсе, «Цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктері» жайында «GRAND master» ЖШС директоры Алмат Қуанышбаев толық баяндап өтті. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов жастарды білім мен инновацияға ұмтылуға шақырып, тың идеяларға толы жаңа орталыққа сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Руханият» орталығында орналасқан «IT Park Qarmaqshy» кабинеті толық техникалық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, 12 дербес компьютермен жабдықталған. Жыл көлемінде кемінде 300 жасты қамтып, арнайы оқу курсынан өткен қатысушыларға сертификаттар табысталады. Бұл бағытқа аудандық бюджеттен қаржы қаралып, «Жасанды интеллект – болашақ бастауы: жастардың цифрлық сауаттылығы мен жаңа дағдыларын қалыптастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба әзірленген. Қазіргі таңда жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
30 сәуір 2026 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 001
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 617

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930