» » АУДАН ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

АУДАН ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен облыс әкімінің мәжілісінен кейінгі жиын өтті. Басқосуда Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарды аудан деңгейінде жүйелі ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында 2026 жылдың елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны атап өтіліп, бұл бастаманың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Аудан әкімі Жандос Еркінбек өз сөзінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, бұл бағыт жастардың білімін жетілдіріп, ақпараттық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.
– Цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін тұрғындарды кеңінен оқыту, насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет, – деді аудан әкімі.
Осыған орай, аудан көлемінде цифрландыру және жасанды интеллект бағытында білім беру және оқыту орталықтарын ашу, жастар арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжіліс барысында 2025 жылғы аудан бюджетінің игерілу қорытындысы да қаралды. Қазіргі таңда аудан бюджеті 100 пайызға жуық орындалып отырғаны айтылып, бұл көрсеткішті толық қамтамасыз ету үшін жауапты сала жетекшілеріне бақылауды күшейту тапсырылды.
Жиын соңында аудан әкімі берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Көтерілген мәселелер алдағы уақытта аудан өмірінің түрлі салаларында заманауи технологияларды кеңінен енгізуге жол ашып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға септігін тигізбек.
«ҚТ» ақпарат
11 қаңтар 2026 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930