» » Жолдауда жүктелген тапсырмалар аудан басшысының тікелей бақылауында

Жолдауда жүктелген тапсырмалар аудан басшысының тікелей бақылауында




Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер және өзекті салалық мәселелер кеңінен талқыланды.

Аудан басшысы Жандос Еркінбек өз сөзінде Жолдаудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, оның аясында 7 негізгі бағыт бойынша нақты тапсырмалар белгіленгенін атап өтті. Осы орайда, аудан көлемінде орындалуға тиіс міндеттер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Атап айтқанда, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында нақты шаралар қабылдау үшін Рауан Мұрсалұлына, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және айналымға қосу жұмыстарын жандандыруы үшін Әсет Тұрмаханұлына, аудан көлеміндегі электр, жылу, су жүйелерінің тозу деңгейін тексеру үшін Мария Айтуарқызына нақты тапсырмалар жүктелді.

Жиында аудан тұрғындарын алдағы жылу беру маусымына дайындау барысы қаралды. Қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы, әлеуметтік нысандар мен білім беру ұйымдарының дайындық деңгейі қозғалды.

Сондай-ақ күзгі егін жинау науқанының барысы да талқыланды. Өткен аптада аудан көлемінде күрішке алғашқы орақ түсіп, егін жинау науқаны басталған болатын. Бұл ретте аудан әкімі егінді дер кезінде жинап алу, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен үйлесімді жұмыс жүргізу бойынша тапсырмаларын берді.

Биыл Қармақшы ауданында жалпы көлемі 25 457 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде күріш – 12 993 гектар, майлы дақылдар – 1 163 гектар, жаздық бидай – 1 000 гектар, арпа – 130 гектар, сүрлем жүгері – 39 гектар, күнбағыс – 2 гектар, мал азықтық дақылдар – 8 950 гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 1 180 гектарды құрап отыр.

Аудан басшысы Әсет Тұрмаханұлына егін орағын мерзімінде және сапалы өткізу бойынша жұмысты үйлестіруді тапсырды.

Жиын қорытындысында Жандос Еркінбек мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруда жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
09 қыркүйек 2025 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930