» » АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Әбділәмитұлының төрағалығымен кезекті жұмыс мәжілісі өткізілді. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен бірқатар сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Мәжілісте алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен қаржы игерілуі жайында жыл басынан бергі мәліметтер ұсынылып, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуі туралы есеп берілді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - Жылтыров Бақытбек аудандағы қызметтік, коммуналдық және арендалық тұрғын үйлердің жай-күйі туралы баяндады.

Сонымен қатар, егін егу жұмыстары, жер учаскелерін сауда-саттық арқылы айналымға енгізу және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүргізіліп жатқан шаралар баяндалды. Осыған сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен мониторинг жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жиын қорытындысында аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары бойынша қалдықтарды шығару, абаттандыру, көгалдандыру және тұрғындардың санитарлық мәдениетін арттыру міндеттері де сөз болды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Әбділәмитұлы жиында қозғалған мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, аталған бағыттар аясында жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.

17 маусым 2025 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930