» » Ауданда жылыту маусымы мен даму болжамы талқыланды

Ауданда жылыту маусымы мен даму болжамы талқыланды



Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті жұмыс мәжілісі өтті. Жиын барысында алдағы жылыту маусымына дайындық және 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөніндегі өзекті мәселелер қаралды.

Жыл басынан бері ауданымызда экономиканың барлық негізгі бағыттарында оң серпін қалыптасып, әр саладағы көрсеткіш 100%-дан асып отыр. Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен сауда саласында нақты өсім байқалады. Жоспарлы жобалар жүзеге асып, халық игілігіне арналған инфрақұрылым нығайып келеді.

Мәжілісте аудан басшысы ауданның алдағы үш жылдық даму жоспарын нақтылау бойынша жауапты бөлімдерге тапсырмалар беріп, стратегиялық құжаттар халықтың сұранысына сай, нақты үйлестірілуі тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындықты пысықтау – мәжілістегі басты мәселелердің бірі болды. Қазіргі таңда ауданда бірқатар ауылдық округтер мен кенттерде көмір жеткізу мәселесі өзекті болып отыр.

«Жылу беру маусымы – кезек күттірмейтін, шұғыл әрекет етуді талап ететін нағыз жауапты кезең. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Ең алдымен тұрғындарды қатты отынмен толық қамту қажет. Сонымен қатар, көмірдің сапасы да – басты назарда. Жылу беру маусымында көмір қорына қатысты мәселе туындамай, көмірдің сапасына мән берілу керек»,– деді Жандос Еркінбек.

Сондай-ақ 15 қыркүйекке дейін барлық тұрғындар мен әлеуметтік нысандар көмірмен толық қамтылуы тиіс екенін ескертті.

Мұнан соң, газ жүйесі мен төтенше жағдайлар ескертіліп, ауданда жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығы санағының барысы да сөз болды. Аудан әкімі аталмыш санақты белгіленген мерзімде толық әрі сапалы аяқтауды міндеттеді.

Мәжіліс қорытындысында Жандос Еркінбек жауапты сала басшыларына жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету, 2026–2028 жылдарға арналған даму болжамын нақтылау және ауыл шаруашылығы санағын белгіленген мерзімде сапалы аяқтау секілді бірқатар тапсырмаларын берді.
27 тамыз 2025 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031