» » ӨРТКЕ ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ПЕН СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ПЕН СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте өрт қауіпсіздігі, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері жан-жақты пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме-кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжіліс барысында елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын уақытылы әрі сапалы ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Аудан әкімі тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мен су тасқынының алдын алу бойынша кең көлемде түсіндіру-насихат жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтып, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыс әкімі төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.

16 сәуір 2025 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 248
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30