» » Аппараттық мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды

Аппараттық мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы болып өтті. Мәжілісте 2 мәселе қаралды. Жиынға кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Бірінші мәселе бойынша ауданда көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қаралып, аудан әкімі барлық мекеме басшыларына тазалық мәселесі басты назарда ұстау керектігін қадап айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Омаров кент, ауылдық округтерде бақша өнімдерін егуге ниетті тұрғындар үшін әкімдік және шаруашылықтар демеушілігімен әзірленіп жатқан бақшалық жерлердің дайындық барысы туралы хабарлама жасады.

Биылғы жылы тұрғындардың бақша өнімдерін егу үшін аудан бойынша 392 гектар жер жыртылып, оған 736 отбасы көкөніс, картоп және басқа да бақша өнімдерін егу межеленіп отыр.

Жиын соңында аудан әкімі жоғарыда көтерілген мәселелердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына байланысты кент, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттілігін атап өтті.
05 мамыр 2023 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930