» » Қармақшы ауданында тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Қармақшы ауданында тұрақты кеңес мәжілісі өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі болып өтті.
Кеңесте негізгі 3 мәселе қаралды. «ҚР мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және көрнекі құралдардың жай күйі туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаевтың хабарламасы тыңдалып, аудан әкімі мемлекеттік рәміздер мен көрнекі үгіт насихат құралдары бойынша кемшілік жіберген кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қатаң ескертті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - «Аудан бойынша көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығының өту барысы туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Ефенов хабарлама жасады.
Аталған мәселе бойынша аудан әкімі кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, кәсіпорын басшыларына тазалық жұмыстарына аса мән беруді және мекеме ғимараттарының сыртқы келбеттерін әрлеп, сырлау жұмыстарын жүргізуді тапсырып, санитарлық-тазалық жұмыстары күнделікті қатаң бақылауында екенін жеткізді.
Сонымен қатар, аймақ басшысының жариялаған «Үлгілі аудан орталығы», «Үлгілі ауыл» атты номинациялары бойынша ауданнан конкурсқа ұсынылған тиісті кент, ауылдық округ әкімдеріне тазалық жұмыстарын конкурс талаптарына сай жүргізуді тапсырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы С.Смағұлов хабарлама жасады.
Хабарламада көрсетілген мәселелер бойынша кент, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

08 сәуір 2023 ж. 435 1

Josie от 29 мамыр 2025 08:49
Many thanks. An abundance of data. casino en ligne France Cheers. Quite a lot of information. casino en ligne fiable You reported it very well! casino en ligne Many thanks, A good amount of data! casino en ligne Thanks a lot. Loads of write ups! casino en ligne Awesome info. Kudos. meilleur casino en ligne Many thanks. Awesome information. casino en ligne francais You expressed that wonderfully! casino en ligne You definitely made your point! casino en ligne fiable Really tons of helpful tips. casino en ligne francais

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 927
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30