Аудан әкімінің мәжілісі өтті
Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өтті.
Күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе кенттер мен ауылдық округтердегі санитарлық тазалық және жасыл белдеуді ұйымдастыру жұмыстарының барысы жайлы, екінші мәселе отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатындағы жергілікті қамту мәселелері туралы болды.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген жиынға кенттер мен ауылдық округ әкімдері, ауылдық округтердің әкімдері ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан онлайн форматында қатысты.
Мәжілістің жүргізілу регламентіне сәйкес хабарламашылардың баяндамалары тыңдалып болғаннан кейін барып, сұрақ-жауап талқылау ұсынылды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Ефеновтың баяндамасы тыңдалды.
Мәжілісті жүргізген аудан басшысы санитарлық тазалық жұмыстарын кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің үнемі бақылауында ұстау керектігін және тиісті сала басшыларының дербес жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
Сонымен бірге аудан әкімі жасыл белдеуді және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда жауапкершілікпен қарауды тиісті сала басшыларына жүктеді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Б. Шерниязовтың және қаржы бөлімінің басшысы М. Бекеновтың хабарламалары тыңдалды.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылатын жұмыстарда отандық тауарларды пайдалану және жергілікті қамту үлесі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Мәжіліс соңында тиісті хабарламашылар қозғалған мәселелер жайлы қатысушылар ұсыныс – пікірлерімен бөлісті.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі