» » Сапаға жұмыс істеуді тапсырды

Сапаға жұмыс істеуді тапсырды

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты Кеңес мәжілісі өтті. Онда 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша «Әлеуметтік желілермен жұмыс жасау туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ақпараттық технологияның дамыған заманында басты ресурс – ақпарат болып табылатындығын, соған сәйкес, әлеуметтік желі тұрғындар арасында қоғамдық пікірді қалыптастыратын негізгі алаңға айналып отырғанын баса айтты. Кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларына әлеуметтік желілерде көтерілген мәселені шешу үшін тек сол постты жазған адамға жауап берумен немесе постты алдырып тастаумен шектелмеу керегін, көтерілген мәселені түпкілікті шешу бағытында қабылданған іс-шаралар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін басты назарда ұстауды тапсырды.
Екінші мәселе бойынша «Аудандағы автомобиль жолдарының жағдайы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Саршаева хабарлама жасады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аудандағы автомобиль жолдарының жағдайы – ең өзекті мәселе екенін айтты. Сондай-ақ, ауданға биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп, бірқатар жол жөндеу жобалары жүзеге асырылуы жоспарланып отырғандығын айта келе бөлінген қаржыны уақытылы және мақсатты игеріп, құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.
Жиын соңында аудан әкімі соңғы уақыттары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында жол-көлік оқиғаларының жиі орын алып отырғандығын айтып, оның алдын алу бағытындағы (пада ұйымдастыру, қосымша жол белгілерін қою) тиісті кент, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
«Қт» ақпарат
11 ақпан 2023 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031