» » Аудан әкімдігі: Өзекті мәселелер талқыланды

Аудан әкімдігі: Өзекті мәселелер талқыланды

ЖОСАЛЫ, 3 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Мұса Оспанұлының төрағалығымен тұрақты Кеңес мәжілісі өтті, деп жазады Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрақты кеңес мәжілісінде өзекті үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Бақытұлының хабарламасы тыңдалды.  Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар дамыған қоғамда басты ресурс - ақпарат.
Кент, ауылдық округтің басшылары атқарып жатқан жұмысын интернет ресурстар, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап, өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша дер кезінде тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізіп отыруы қажет.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бостан Шегебайұлының баяндамасы тыңдалды.
Қазіргі таңда ауданда кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы үш міндетті жүзеге асырудамыз. Атап айтар болсақ, салық базасы ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылады және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту бойынша құрылған жұмысшы органмен бірлесіп, тіркелген жұмыссыздар және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, көлеңкелі кәсіппен айналысып жүрген азаматтарды анықтап, кәсіпкерлік субъектілерде жұмыс істеп жүрген жалдамалы жұмысшыларға талдау жасап, олардың еңбек шарттарының болуын және міндетті төлемдерінің тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру керектігін тапсырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы Диас Асылбекұлының хабарламасы тыңдалды.
Диас Асылбекұлы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды салыстырмалы түрде бағалау мақсатында кент, ауылдық округі әкімдерінің рейтингтік көрсеткіштерінің жобасын таныстырды.
Жиын соңында аудан әкімі Мұса Оспанұлы тиісті сала басшыларына баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

03 қараша 2019 ж. 1 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031