» » Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды




Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Жиында аудан басшысы жылу беру маусымы кезеңінде тұрғындарды сапалы және үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәселесі әрдайым өзекті екенін айтып, ешқандай мәселе туындамауы тиіс екендігін айтты. Осыған сәйкес бірқатар жауапты басшыларға дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдымен аудандағы көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, қатты отын тапшылығының алдын алу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, биылғы жылға жоспарланған әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға бейімдеу жұмыстарын жеделдетіп, жылу беру маусымына дейін аяқтау керектігін айтты. Мұнымен қоса аудандағы барлық әлеуметтік-мәдени нысандардың бу қазандықтарының дайындығы, отын қорларының жасақталуы, өрт қауіпсіздік шараларының сақталуы да пысықталуы қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында аудан әкімі кадрлық өзгерістерге байланысты жаңадан тағайындалған «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Рахметуллаев Нұрболат Ғабитұлын және Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубының директоры Серікбаев Айбек Әділбекұлын таныстырды.
21 тамыз 2024 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930