» » Қармақшы ауданы әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Қармақшы ауданы әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен мекеме басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында «Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Ефеновтің баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімі жылу беру маусымында халықтың көмірсіз, отынсыз қалмауы керек екенін баса айтып, қазірден бастап оның алдын-алу шараларын қабылдап, тұрғындарға көмір алып қою бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Алдағы жылу беру маусымына жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарының мерзімінде, сапалы орындалуын қатаң қадағалуды тапсырды.

Мұнан кейін, мәжілістің күн тәртібіне сәйкес аудан бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу барысы туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушысы А.Жаналиев хабарлама жасады.

Аудан басшысы жиынды қорытындылай келе тиісті сала басшыларына кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару жүйесін ақпараттындыру және насихаттау бойынша шараларды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

10 тамыз 2023 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031