» » Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында ауданның макроэкономикалық және индикативтік көрсеткіштерінің орындалуы және мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызының баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімі ағымдағы жылдың 5 айында ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқандығын, дегенмен индикативтік көрсеткіштердің деңгейі төмен болып отырғандығын айтып, тиісті сала басшыларын қатаң сынға алды. Оның ішінде ана мен бала өлімінің алдын алу және халықты жұмыспен қамту жұмыстарына аса ден қоюды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан бойынша жол жөндеу, құрылыс және абаттандыру жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мақсатты игеріп, ел игілігіне пайдалануға беру үшін кент, ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік сатып алу жұмыстарын мерзімінде атқаруды тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталмаған және мерзімінде жарияланбаған сатып алу конкурстарына байланысты сала басшыларына қатаң ескерту жасады.

Мұнан кейін, мәжілістің күн тәртібіне сәйкес «Кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы - Біржан Мүтәлұлы баяндама жасады.

Аудан әкімі хабарламаны тыңдай келе аудандағы кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштер біршама өскендігін, дегенмен, ауданға кәсіпкерлік саласына тартылған қаржылардың 81,8 пайызы Жосалы және Төретам кенттеріне тиесілі, қалған ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлік саласына тартылып жатқан қаржы көлемі аз екендігін баса айтты.

Осыған байланысты кент, ауылдық округтерге кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында шаралар қабылдауды, оның ішінде Бақша және мал өнімдерін өңдеу бағытында жаңа бастамалар іске асыру жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, мәжіліс барысында кент, ауылдық округі тұрғындарының бақша егу жұмыстарының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Әсет Тұрмаханұлы хабарлама жасады.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан егін егу жұмыстары жүріп жатқандығын және оған қажетті аяқ сумен қамтамасыз етуді, әсіресе шілде-тамыз айларында аяқ су мөлшерін жеткізе алмай тұрғындардың еңбектері босқа кетпеуі қажет екендігін ескертті.
Сонымен қатар, бақша өнімдері мен қауын-қарбыздың сақтау мерзімі ұзақтау сорттарын егу және өңдеу қауынішек, қауын құрт дайындау жолдарын қарастыруды тапсырды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадаға белсене қатысып, аудан намысын абыроймен қорғаған мемлекеттік қызметкерлерді жүлделерімен құттықтап, арнайы алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.






15 маусым 2023 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031