» » Тың жобалар жүзеге асуы тиіс

Тың жобалар жүзеге асуы тиіс

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттері туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулланың баяндамасы тыңдалды.
Аудан әкімі осы жылдың 4 айында ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы қалыптасқандығын, дегенмен аудан бюджетінің жоспарлануы мен кірістердің уақытылы түсуі және қаржының игерілуіне байланысты кемшіліктер бар екендігін баса айтты. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі», «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыруларға жобалар ұсынбай, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланбаған бірқатар сала басшылары мен кент, ауыл әкімдерін қатаң сынға алды. Одан бөлек ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытудағы кәсіпкерлік саласының маңыздылығын айта келе кент және ауыл әкімдеріне өндіріс бағытындағы тың жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Құрылыс саласы бойынша қазір жұмысы тым баяу жүріп жатқан нысандарды тілге тиек етіп, сала басшыларына қатаң ескерту жасады. Межелеген жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалау жөнінде тапсырмалар берді.
Сонымен қоса, экономиканың күретамыры саналатын жол жөндеу жұмыстарына да тоқталды. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы 5 елді мекеннің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Дегенмен, жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған кент, ауыл әкімдеріне шаруаны ширатуды жүктеді.
Аудан басшысы негізгі мәселелердің бірі – халықты жұмыспен қамту мәселесін де қарап, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба көрсеткіштерінің орындалуы төмен екендігін айтып, сала басшысына жұмыссыз азаматтардың санын азайту және олардың тұрмыс деңгейін жақсартуда нақты шаралар қабылдауды назарға салды.
Мәжілісте Жосалы кентінде орналасқан әлеуметтік нысандар ғимараттарының жай-күйі мен аулаларының санитарлық-тазалық жұмыстары жайлы мәселе қаралып, аудан әкімі бірқатар мекеме басшыларына ескерту жасап, қысқа мерзім ішінде олқылықтарды қалпына келтіруді тапсырды.
Жиында аудан басшысы кадрлық өзгерістерге байланысты жаңадан тағайындалған мекеме басшыларын таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айта кетсек, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры қызметіне Нұршат Бегежанқызы және «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы қызметіне Шоқан Әмірханұлы тағайындалды.
28 мамыр 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031