» » Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде тұрақты кеңес мәжілісі өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында аудан басшысы алдымен кадрлық өзгерістерге байланысты жаңадан тағайындалған мекеме басшыларын таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Ш.Төлепова атындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры қызметіне Нұршат Бегежанқызы және «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы қызметіне Шоқан Әмірханұлы тағайындалды.

Одан соң, мәжілістің күн тәртібіне сәйкес «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызының баяндамасы тыңдалды.

Аудан әкімі ағымдағы жылдың 4 айында Қармақшы ауданында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы қалыптасқандығын, дегенмен аудан бюджетінің жоспарлануы мен кірістердің уақытылы түсуі және қаржының игерілуіне байланысты кемшіліктер бар екендігін баса айтты.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі», «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыруларға жобалар ұсынбай, мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланбаған бір қатар сала басшылары мен кент, ауыл әкімдерін қатаң сынға алды.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік - экономикалық жағдайын дамытудағы кәсіпкерлік саласының маңыздылығын айта келе кент және ауыл әкімдеріне өндіріс бағытындағы тың жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.

Құрылыс саласы бойынша қазір құрылыс жұмыстары тым баяу жүріп жатқан нысандарды тілге тиек етіп, сала басшыларына қатаң ескерту жасап, межелеген жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалау жөнінде тапсырмалар берді.
Одан бөлек, экономиканың күретамыры саналатын жол жөндеу жұмыстарына да тоқталды. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы 5 елді мекеннің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Дегенмен, жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған кент, ауыл әкімдеріне жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Сонымен бірге, аудандағы негізгі мәселелердің бірі халықты жұмыспен қамту мәселесінде қарап, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба көрсеткіштерінің орындалуы төмен екендігін айта келе тиісті сала басшысына жұмыссыз азаматтардың санын азайту және азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында нақты шаралар қабылдауды жүктеді.

Мәжіліс соңында Жосалы кентінде орналасқан әлеуметтік нысандар ғимараттарының жай-күйі мен аулаларының санитарлық-тазалық жұмыстары жайлы мәселе қаралып, аудан әкімі бір қатар мекеме басшыларына ескертулер жасап, қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

24 мамыр 2023 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031