» » Мерейлі жасымен құттықтады

Мерейлі жасымен құттықтады

qarmaqshy-tany.kz Жуырда Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мемлекеттік мекеме басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық төрағалары қатысты.

Мәжілісте аудан басшысы «Ораз ахун ЛТД» ЖШС төрағасы Жомарт Жалғасбаевтың 63 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, сыйсияпат көрсетті. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы қызметін атқарып келген Ерболат Бодыбаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты алдағы жұмысына табыс тілеп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдірді. Мұнан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан екі азаматқа аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес ауданның Құрмет грамотасы табысталды. Жиын барысында «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің жаңа басшысы Марат Бәшеновті таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Отырыста аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін жеткізді.
«Қт» ақпарат
08 сәуір 2023 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031