» » Өзекті мәселелер қаралды

Өзекті мәселелер қаралды

Сейсенбіде Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің отырысы өткені белгілі. Осыған орай аудан әкімдігінде теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті арттыру және IT саланы дамыту туралы мәселелер қаралып, облыс әкімі тарапынан берілген бірқатар нақты тапсырманың орындалу барысы пысықталды.
Жиын барысында аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы тиісті сала басшыларына аудан мектептерінде робототехника кабинеттерінің санын арттыру, мұғалімдердің IT саласындағы біліктілігін дамыту, IT саласының маңыздылығын жергілікті тұрғындар арасында насихаттау және аудан аумағындағы барлық ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша байланыс операторларымен жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар аудан аумағында өткізілген барлық қоғамдық-саяси және әлеуметтік іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы дер кезінде ақпараттандырып отыру қажеттігі ескертілді.
Жиын соңында аудан басшысы облыс әкімінің тиісті тапсырмалардың орындалу барысы ерекше бақылауда болатынын және тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округі әкімдеріне жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.
«ҚТ» Ақпарат
01 желтоқсан 2024 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930