» » АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҰРАҚТЫ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен өткен жиыннан кейін аудан әкімінің қатысуымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті.

Мәжілісте аудан басшысы Жандос Еркінбек алдымен кадрлық өзгерістерге тоқталып, жаңадан сайланған Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округінің әкімін таныстырды.

– 2024 жылдың 15 қыркүйек күні Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысы нәтижесімен Көмекбаев ауылдық округінің әкімі қызметіне Нысанбаев Ғарышбек Бауыржанұлы сайланды. Ғарышбек Бауыржанұлының Үкіметтің алдымызға қойған міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, ауыл тұрғындарының ауыз біршілігін нығайту, ауылды одан әрі дамытуға, көркейтуге аянбай жұмыс жасайтынына сенемін, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округ әкімі қызметін абыройлы атқарып келген Н. Ахметовке ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Құрмет грамотасын табыстады.

Одан кейін, жиында ауданда сұйытылған мұнай газының қоры және бөлшек саудадағы бағасы туралы және мемлекеттік шығармашылық тапсырыстардың орындалу барысы, сонымен қатар «Ауыл АМАНАТЫ» жобасының іске асырылуы бойынша мәселелер талқыланды.

Жиын соңында аудан әкімі талқыланған мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу барысын бақылауда ұстауды тапсырды.
17 қыркүйек 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930