Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 29-сессиясы өтті
qarmaqshy-tany.kz VII шақырылымдағы Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 29-сессиясы 2022 жылғы 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында болып өтті.
Аудандық мәслихаттың сессия жұмысына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес аудан әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы С.Смағұлов, Жосалы, Төретам кенттері мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және қоғамдық ұйым төрағалары қатысты.
Аудандық мәслихаттың кезекті 29-сессиясын аудандық мәслихаттың хатшысы, VII шақырылымдағы «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Қошалақов Әділ Үсенұлы ашып жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.
2. 2023-2025 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов.
3. 2023-2025 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Төретам кентінің әкімі Г.Елеусинов.
4. 2023-2025 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Ақай ауылдық округінің әкімі Э.Қазиева.
5. 2023-2025 жылдарға арналған ІІІ-Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: ІІІ-Интернационал ауылдық округінің әкімі Н.Сайымов.
6. 2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Ақжар ауылдық округінің әкімі Н.Тұрсынбаева.
7. 2023-2025 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Жаңажол ауылдық округінің әкімі Ә.Қоқанов.
8. 2023-2025 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Дауылкөл ауылдық округінің әкімі М.Алдамұратов.
9. 2023-2025 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Д.Ахметов.
10. 2023-2025 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ә.Бектібаев.
11. 2023-2025 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Қармақшы ауылдық округінің әкімі А.Есқараев.
12. 2023-2025 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Алдашбай Ахун ауылдық округінің әкімі Н.Тоғызбаев.
13. 2023-2025 жылдарға арналған Қуаңдария ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Қуаңдария ауылдық округінің әкімі А.Аймырзаев.
14. 2023-2025 жылдарға арналған Иіркөл ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Иіркөл ауылдық округінің әкімі Ж.Тулегенов.
15. 2023-2025 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы.
Хабарламашы: Жосалы ауылдық округінің әкімі Ә.Білжанов.
16. Аудандық мәслихаттың 2023 жылдың І-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Қошалақов
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия отырысы тікелей эфирде Aitube желісінде трансляцияланды.