» » Сессияда бірқатар мәселелер қаралды

Сессияда бірқатар мәселелер қаралды


Жуырда Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 18 сессиясы өтті. Сессия жұмысына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес Қызылорда облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Айгүл Садуақасова, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудан әкімінің аппарат басшысы Айбол Нұров, кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Сәкен Зәріпханов, дербес бөлім басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәслихаттың кезектен тыс 18 сессиясын аудандық мәслихат хатшысы, VII шақырылымдағы «AMANAT» партиясынан сайланған депутат Әділ Қошалақов ашып жүргізіп, жиынның күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, қарады. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша «2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Бекенов және қосымша хабарламашы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі А.Садуақасова баяндады.
Екінші мәселе бойынша «2021 жылға арналған Жосалы, Төретам кенттері және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» Жосалы, Төретам кенттері және ауылдық округтер әкімдері хабарлама жасады.
Үшінші мәселемен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 маусымдағы «Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нұров хабарлады.

Төртінші мәселе бойынша «Қармақшы ауданының Жосалы және Төретам кенттері көшелеріне атау беру туралы» аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Ержанов баяндама жасады.
Бесінші мәселе бойынша «Қармақшы ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Ефенов хабарлады.
Алтыншы мәселемен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» №138 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Төретам кентінің әкімі Ғ.Елеусінов хабарласа, жетінші мәселе «Қармақшы аудандық мәслихат хатшысының есебі туралы» аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақовтың баяндамасы тыңдалды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Ерсін ӘЛІБАЙ
26 сәуір 2022 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031