» » Күн тәртібіндегі мәселелер депуттар назарында

Күн тәртібіндегі мәселелер депуттар назарында

Жосалы кенті әкімінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 15 сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, Жосалы,Төретам кенті әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың хатшысы, VII шақырылымдағы «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат Әділ Қошалақов ашып жүргізіп, жиынның күн тәртібіндегі 8 мәселемен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №113 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша аудандық «Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Қошалақов хабарлады.
Үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 маусымдағы «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» №56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы А.Нұров хабарлама жасады.
Төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №272 «Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла хабарлады.
Бесінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы №10 «2021-2025 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы туралы» шешімін жою туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла баяндады.
Алтыншы мәселе бойынша аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «Аудандық жер комиссиясының құрамы және комиссия туралы ережені бекіту туралы»№218 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Еркебаев хабарлама жасады.
Жетінші мәселе бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Акжигитов баяндады.
Сегізінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы Төретам кентінің әкімі Г.Елеусинов сөз етті.
Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.

"Қт" ақпарат

23 ақпан 2022 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 121

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930