» » «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы мен су тасқыны бойынша ахуал пысықталды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы мен су тасқыны бойынша ахуал пысықталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Үкімет отырысының күн тәртібінде көтерілген мәселелер қаралды. Мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы және су тасқыны бойынша ахуал талқыланды.
Мәжілістен соң аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы жиын өткізіп, берілген тапсырмалар бойынша алдағы жұмыс бағыттарын нақтылады. Ағымдағы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жосалы кенті мен III Интернационал ауылдық округінде 300 орындық мектептің құрылысы басталады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы салынатын мектептің тиісті жер учаскесі белгіленді.
Одан кейін аудан әкімі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының атқарылу барысы туралы қарады.
«Аудан аумағында Сырдария өзенінің бойында 32 иін бар. Өзен бойынша орналасқан елді-мекендер ішінен су тасқынына қауіпті аймақтарды қорғау үшін жалпы ұзындығы 69,7 шақырымдық қорғаныс бөгеттері салынып, инерттік материалдар жасақталды. Сырдария өзенінің деңгейі мен қауіпті учаскелердегі қорғаныс бөгеттерінің жағдайына қатаң бақылау жүргізуді тапсырамын», – деді Жандос Еркінбекұлы.
Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 ақпан 2024 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930