» » Су тасқынының алдын-алу шаралары

Су тасқынының алдын-алу шаралары

qarmaqshy-tany.kz  Су тасқынының алдын-алу шаралары бойынша зерделеу жұмыстары пысықталды.
Бүгін «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қызметкерлері және арнайы сала мамандарымен бірлесіп Сырдария өзенінің бойынша су тасқынының алдын-алу шаралары бойынша мониторинг жұмыстары жүргізді
Аудан аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 238 шақырымды құрайды. Өзен бойында орналасқан елді-мекендер ішінен су тасқынына қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның сол жағалауындағы Дүр Оңғар, Иіркөл ауылдары, Қараөзек пен Сырдария өзенінің екі ортасында орналасқан Қармақшы, Қызылтам елді-мекендері, оң жағалауында орналасқан аудан орталығы Жосалы кентін қорғау үшін жалпы ұзындығы 69,7 шақырымдық қорғаныс бөгеттері салынған. Қауіпті аймақтардағы елді-мекендерде бірінші кезекте пайдаланылатын инертті материалдар жасақталған.
02.02.2023 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кенті тұсында Сырдария өзенінің абсолюттік деңгейі 98,46 см. Аудан бойынша Сырдария өзені бойында мұз толық ұстасқан. Мұздың қалыңдығы 20-25 см. Сырдария өзенінің деңгейі мен қауіпті учаскелердегі қорғаныс бөгеттерінің жағдайына күнделікті мониторингтік жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттерінің жағдайы қанағаттанарлық.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінде су деңгейі қалыпты жағдайда, елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық қауіпті учаскелерге кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған.
02 ақпан 2023 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930