» » Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таңда, Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына мол су жіберілуде. Осыған сәйкес, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б.Далабаев қыс-көктем мезгілдерінде болуы ықтимал су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің арнайы техникалары мен күш-құралдарының дайындығын тексерді.
Арнайы өткізілген саптық қарау жиынына аудандық азаматтық қорғау қызметтері, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтері қатыстырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Далабаев азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына тәуліктің кез келген уақытында барлық жағдайға дайын болу қажеттігін түсіндірді.
Жалпы айта кететін болсақ, қазіргі таңда Қызылорда су торабынан төменгі ағысына - 440,0 м3/сек, Әйтек су торабынан төменгі ағысына - 350,0 м3/сек, Қаразек арнасынан – 86,0 м3/сек су жіберілуде.
Қазіргі уақытта, Сырдария өзенінде су деңгейі қалыпты жағдайда, елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық қауіпті учаскелерге кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған. Дегенменде, Сырдария өзені мен Қараөзек арнасының бойында мал шаруашылығымен айналысып отырған аудан тұрғындарына су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және төрт түлік малдарын қауіпсіз жерлерге шығару қажеттілігін ескертеміз.

18 қаңтар 2023 ж. 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031