» » Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Ауданда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков аудан бойынша Сырдария өзенінің бойында орналасқан қауіпті аймақтарды арнайы аралады.
Су тасқыны бойынша қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері мен Қызылтам елді-мекендерін көріп шықты.
Сонымен бірге Жосалы кентіндегі жалпы ұзындығы 69,7 шақырымдық қорғаныс бөгеттерінің жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар, қауіпті аймақтарда бірінші кезекте пайдаланылатын инертті материалдарды көріп, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің құрамындағы техникалардың дайындығын тексерді.
Көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын-алу бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 ақпан 2021 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930