» » Судан қауіп жоқ

Судан қауіп жоқ

Әлеуметтік желілерде Сырдария өзенінің арнасынан су тасуы қауіпі туралы бейнебаяндар таратылуда. 4 желтоқсанда Қармақшы ауданы әкімдігінің қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп Сырдария өзеніне бақылау жұмыстарын жүргізіп, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қараөзек пен Сырдария өзенінің қосылатын тұсында судың көтерілуін байқады.
Осыған байланысты, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес шұғыл түрде тиісті жұмыстар атқарылып, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу шарасына жергілікті атқарушы органнан 27 қызметкер, 4 бірлік техника және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды және тиісті қорғаныс бөгеттеріне қосымша нығайту жұмысы жүргізілді.
Қолданылған инертті материалдарды атап өтетін болсақ 50 бау қамыс, 20 дана қада, 1000 дана қап пайдаланылды.
5 желтоқсаннан бастап Сырдария өзенінің қауіпті деңгейге жетуіне байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті.
Жалпы қауіпті болып саналатын елді-мекендер Жосалы кенті және Қармақшы, Иіркөл, Жаңажол, Төребай би ауылдық округтері бойынша мекеме қызметкерлерінен тәуліктік кезекшілік кестесі жасалып, аудан әкімімен бекітілді. 
Кезекшілік жұмыстары 2019-2020 жылдардың қыс-көктем мезгіліндегі су тасқыны мерзімі аяқталғанға дейін ұйымдастырылады.
6 желтоқсанда Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары М.Аяшов, «Қазсушар» РМК-нің бас директоры Б.Арыстанбаев ауданға келіп, Сырдария өзенінің жағдайымен танысты.
7 желтоқсанда облыс әкімі Қ.Ысқақов, сонымен бірге облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А.Шаменов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы О.Бержанов, «Арал – Сырдария бассейіндік» инспекциясының басшысы Ә.Қарлыханов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Ж.Ерназаров, аудан әкімі М.Қалдарбеков Қармақшы ауданының аумағынан өтетін Сырдария өзенінің жағдайымен танысты. Мұз ұстасу кезінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу бойынша тиісті жұмыстарды талқылап, аймақ басшысы аталған мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.
10 желтоқсанда Жосалы кентінен шамамен 6 шақырым қашықтықта, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің 628/1639 шақырымында Сырдария өзенінен жайылған су асфальт жиегіне жақындап, су шайып кету қауіпін алдын алу мақсатында аталған жерге «Қазақавтожол» мекемесімен Қармақшы ауданы әкімдігінен барлығы 10 бірлік техника, 19 адам жұмылдырылып, жолдың 600 метр болатын жиегін топырақпен көтеру жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінен 2 арнайы автокөлік, 4 қызметкер тартылды. Аталған мәселе тұрақты бақылауда.
Бүгінгі күнге мұз Сырдария бойымен есептегенде Қызылорда су торабынан төмен 314 шақырым, Жосалы кентінен 22 шақырым төмен «Жапырақшы» учаскесінде жылым болып ұстасып тұр.
13 желтоқсанда аудан әкімі М.Қалдарбеков және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша құрылған штаб мүшелері Жосалы кентінің аумағынан өтетін Сырдария өзенінің жағалауын аралап шықты.
Жосалы кентінің тұсында Сырдария өзенінің деңгейі – 98,83. Қызылорда су торабынан өтіп жатқан су көлемі - 390,0 м³, Айтектен өтіп жатқаны - 252,0 м³, Қараөзекке өтіп жатқаны – 130,0 м³. «Қармақшысушар» өндірістік учаскесі мекемесінен күнделікті мәлімет алынып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазіргі таңда, Жосалы кенті мен елді-мекендерге және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған мәселе аудан басшылығының тұрақты бақылауында.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 желтоқсан 2019 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031