» » Бақылауда ұстауда – Су асфальт жиегіне жақындады

Бақылауда ұстауда – Су асфальт жиегіне жақындады

ЖОСАЛЫ, 12 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz  Жосалы кентінен 15 шақырым төмен «Кеңтоғай» учаскесінде ұстасқан мұз ауа-райының жылып кетуіне байланысты әр жерден буып, Сырдария өзенінің суы арнасынан асып, жайылымдық жерлерге жайылуда.
Қазіргі таңда елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.


Дегенмен Жосалы кентінен шамамен 6 шақырым қашықтықта, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің 628/1639 шақырымында Сырдария өзенінен жайылған су асфальт жиегіне жақындады.
Осыған байланысты, аталған жерге «Қазақавтожол» мекемесімен Қармақшы ауданы әкімдігінен барлығы 11 бірлік техника, 30 адам жұмылдырылып, жолдың жиегін топырақпен көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінен 2 арнайы автокөлік, 4 қызметкер тартылды. Аталған мәселе тұрақты бақылауда ұсталып отыр.
Қармақшы ауданының әкімдігі







12 желтоқсан 2019 ж. 1 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031