» » СЫРДАРИЯДАҒЫ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ БАҚЫЛАУДА

СЫРДАРИЯДАҒЫ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ БАҚЫЛАУДА

ЖОСАЛЫ, 7 желтоқсан - qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі М.Қалдарбеков Жосалы кенті аумағынан өтетін Сырдария өзенінің жағасын арнайы барып көрді.
Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту жұмыстары атқарылып, барлық жауапты мекемелерден тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.
Сырдария өзені бойында әр 2-4 сағат сайын бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Осы кезеңде Сырдария өзені бойында күр (шуга) жүруде. Қызылорда су торабынан төмен 297 шақырым, Жосалы кентінен төмен 5 шақырым «Үсентай» учаскесінде мұз әр жерден жылым болып ұстасуда.
Мамандардың айтуынша қазіргі таңда Сырдария өзені бойындағы елді мекендерді су басу қауіпі жоқ.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбектің айтуынша «Қазіргі уақытта өзендерде мұз қатып жатыр. Сырдария – трансшекаралық өзен. Оның ерекшелігі су солтүстікке қарай ағады. Оның мұз құрсауы Арал теңізі жағынан басталады. Бұл жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс»,- деп атап өткен болатын.
07 желтоқсан 2019 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 663
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031