» » Облыста су басу қаупі жоқ – Су ресурстары комитеті

Облыста су басу қаупі жоқ – Су ресурстары комитеті

Қазіргі жағдайда Қызылорда облысындағы елді мекендері су басу қаупі жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек айтты, деп жазады 24.kz
«Қазіргі уақытта өзендерде мұз қатып жатыр. Сырдария – трансшекаралық өзен. Оның ерекшелігі су солтүстікке қарай ағады. Оның мұз құрсауы Арал теңізі жағынан басталады. Бұл жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс», - деді ол. Өңірде Су ресурсы комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті және Қызылорда облысының әкімдігімен бірге бұл мәселе тұрақты бақылауға алынғанын айтып өтті. Айта кетсек, Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін екендігі туралы айтылған. «Мұздың еруіне байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын. Қауіпті деңгей – 665 см (судың өзен арнасынан шығуы). Шекті деңгей – 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін», – делінген болатын Қазгидромет хабарламасында.


06 желтоқсан 2019 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930