» » Аймақ басшысы Қ.Ысқақов: Су деңгейі үнемі бақылауда

Аймақ басшысы Қ.Ысқақов: Су деңгейі үнемі бақылауда

ЖОСАЛЫ, 15 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Сырдарияның су тасу қаупінің алдын алу шарасы күн тәртібінен түспейді. Апаттың алдын алуда төтенше жағдайлар бөліміндегілер тынымсыз еңбек етуде. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов та Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзенінің су деңгейін көріп, су тасқынының алдын алу жұмысымен танысты.
Облыс әкімі жауапты сала басшыларына дариядағы су деңгейін үнемі бақылауда ұстап, қауіпті аймақ саналатын учаскелерде кезекшілік болуын, сондай-ақ қажет болған жағдайда құрал-жабдықтар мен арнайы техникамен қамтамасыз етуін тапсырды.
Жосалы кентінен төмен 5 шақырым жерде Сырдария өзенінің Кеңтоғай учаскесінде мұз кептелісі салдарынан өзен арнасынан су асып, ой жерлермен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің жиегіне дейін жайылған болатын. Айта кететін жайт, аталған учаскеде қорғаныс бөгеті жоқ. Аумақ – су жайылу аймағына жатады. Аталған жағдайға байланысты аудан әкімдігінің тарапынан тиісті шара қабылданды. Жолға су жайылуды болдырмау үшін ұзындығы 600 метр болатын жол жиегін топырақпен бекіту жұмысы жүргізілді.
Бүгінде кент пен елді мекендерге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне қауіп төніп тұрған жоқ. Десе де су тілсіз жау екенін ескеріп, Сырдария мен Қараөзек бойында орналасқан тұрғындарды қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырамыз. Бұл мәселе аудан басшылығының бақылауында болмақ.

15 қаңтар 2020 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 573

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930