» » Төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды

Төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды

Аудан әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен әкімдік мәжілісінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жайлы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде аудан аумағындағы өртке қарсы су көздерінің жай-күйі мен құлақтандыру жүйелері және су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы қаралды.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ө.Сақтабаев аудан аумағындағы қыс-көктем айларында су тасқынының алдын алу мақсатында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырды. Сонымен бірге, құлақтандыру жүйесі аппараттарының техникалық жағынан ескіргендігінін жеткізді.
Мәжілісте «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің бөлім бастығы Қ.Пернебаевтың хабарламасы тыңдалды.
Аудан басшысы мәжіліс барысында тиісті сала мамандарына Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізіп, қатаң бақылауға алуды тапсырды. Комиссияда аудан әкімі Мұса Оспанұлы күн тәртібіндегі мәселелерді зерделеп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

22 тамыз 2020 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 198
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031