» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ


«Руханият» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің отырысы өтті.

Жиынды аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел экономикасының барлық салаларын жаңғырту мақсатында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жедел енгізуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Жолдауда айқындалған міндеттер негізінде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тың серпін беретін бастамаларға тоқталып өтсе, «Жаңажол» ЖШС-нің төрағасы Төлепов Орынбасар ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдеу, озық технологияларды енгізу және инвестициялық белсенділік шаралары туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ білім беру саласын цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жөнінде аудандық оқушылар үйінің директоры Құралай Манасова баяндама жасаса, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев жағымсыз әдеттерден арылып, мәдениетті және өркениетті қоғам қалыптастыру мәселелерін көтерді.

Президенттің Жолдауын талқылау барысында аудан әкімі актив отырысында негізгі 7 бағыттар бойынша
жұмыстарды үйлестіріп, орындауды міндеттеді.

Мәселен, Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және шағын, орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Аудан әкімі бұл бағытта ауданға инвестиция тарту, өнімдерді өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттері бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізуі қажеттігін тапсырды.

Жолдауда игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару туралы да сөз болды. 2024 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу жұмыстарын аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі толық аяқтауы тиіс. Аудан әкімі бұл жерлердің тек тиімді пайдалана алатын азаматтарға берілуі керектігін баса айтты.

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету мәселесі көтерілді. Биыл Иіркөл ауылында электр желілерінің құрылысы жүргізілсе, аталған жұмыс Дүр Оңғар ауылында қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Аудан әкімі аталған жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын талап етті.

Сонымен қатар, су тапшылығы мәселесін шешу бағытында 2026–2028 жылдары су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген. Бұған қоса, Ақтөбе және Ақжар ауылдарындағы тозығы жеткен су насос қондырғылары жаңартылып, екі дана ұңғыма насосы орнатылғаны атап өтілді. Аудан басшысы бұл жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін талап етті.

Президенттің мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу тапсырмасына сәйкес, аудандық білім бөліміне білім сапасын арттыру жұмыстарын күшейту жүктелді.

Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі Жандос Еркінбек: «Біз ашық бәсекелестік пен тең мүмкіндікке негізделген Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастырудамыз. Баршаңызды ел игілігі жолындағы жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырамын», — деп сөзін түйіндеді.

19 қыркүйек 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 433
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930