» » Цифрлық дамуға басымдық беріледі

Цифрлық дамуға басымдық беріледі



Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында елдің цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу мәселесі басты назарда болды. Бұл тақырып қазіргі заман талабына сай ел дамуының басты бағыттарының біріне айналып отыр.
Президент өз Жолдауында цифрлық технологияларды барлық салада қолдану – уақыт талабы екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы цифрландыру мен ЖИ-ді тек ІТ саласымен шектелмей, экономиканың барлық секторларында жүйелі түрде енгізу қажеттігін баса айтты. Ауыл шаруашылығынан бастап денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне дейін цифрлық шешімдер енгізілуі тиіс.
«Биылғы Жолдаудың өзегі – цифрландыру мен жасанды интеллектіні жан-жақты дамыту. Бұл елдің болашағын айқындайтын стратегиялық қадам», – деді Президент.
Соңғы жылдары Қазақстан цифрлық даму бойынша бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып, халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Электронды үкімет жүйесі, «Smart City» бастамалары, цифрлық денсаулық сақтау жүйесі – осының айқын дәлелі.
Сонымен қатар, Президент ЖИ саласында отандық кадрларды даярлау мен ғылыми-зерттеу орталықтарын құрудың маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта мемлекет тиісті инфрақұрылымды дамытып, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау арқылы ЖИ-дің ел экономикасына нақты үлес қосуын қамтамасыз етпек.
Болашақ құзіреттіліктері бүгіннен басталады. Қармақшы ауданының Оқушылар үйінде заманауи технологияларды меңгеру және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында «Smart Bala» әлеуметтік жобасы жүзеге асып келеді. Осы жоба аясында білім алушыларға кәсіптік бағдар бере отырып, өнертапқыштыққа алғашқы қадам жасаймыз. Сонымен қатар әрбір балаға өз қабілетін табуға, өз жолын көруге, арманына жетуге мүмкіндік береміз.
Қазақстан – цифрлық болашаққа бет алған мемлекет. Жолдауда ұсынылған бастамалар бұл үрдісті одан әрі үдете түседі. Цифрландыру мен ЖИ – ел дамуының жаңа парадигмасына айналып, ұлттық идея ретінде танылып отыр.
Құралай  МАНАСОВА,
аудандық Оқушылар үйінің директоры
14 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930