» » ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы жауапты тұлғаларға цифрлық технологияларды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған стратегиясы мен цифрлық картадағы тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Облыстық білім басқармасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында жасанды интеллект стартаптарын құрып, балаларға арналған жасанды инттеллект сыныптары мен қосымша секцияларды іске қосыңыздар.
Университет базасындағы Жасанды интеллект институтының жұмысын жетілдіру, тәжірибесін өңіріміздегі басқа да жоғары оқу орындары мен колледждерге, мектептерге енгізу бойынша жоспар әзірлеп, нақты ұсыныс енгізіңіздер.
Студент жастарды цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы жұмыстарға барынша жұмылдыру керек», – деді аймақ басшысы.
Облыста 223 ауылдың 170-інде халық саны 250 адамнан асады. Қазіргі уақытта 140 ауылда талшықты-оптикалық байланыс желісі бар. Мобильді интернет 208 ауыл тұрғындарына қолжетімді, оның 135-і 4G, 66-сы 3G, 17-сі 2G желісімен қамтамасыз етілген.
Өткен жылы «Kyzylorda Hub» технопаркін дамытудың жол картасы әзірленіп, 176 іс-шара ұйымдастырылды, 56 жасанды интеллект ивенті мен 5 инкубациялық бағдарлама жүзеге асты.
Өңірде 8 ІТ-компания Astana Hub резиденті ретінде жұмыс істейді, ал 4 ІТ мектеп TechOrda бағдарламасы бойынша 66 маман даярлады. Жасанды интеллект бойынша 53 курс өтіп, 1 131 адам, «Жасанды интеллект негіздері» курсынан 11 532 адам онлайн білім алды.
Инновациялық жобаларды дамыту үшін жыл сайын Smart City Kyzylorda Hackathon және Innofest Qyzylorda фестивалі өткізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 қаңтар 2026 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930