» » ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ


ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды.

Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және басқа да мәселелер талқыланып, міндеттер айқындалды. Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Елімізде Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес білім сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жоба бар.
Бүгінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Корея Республикасының Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен (СеулТех) бірлесіп, өткен жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект институты ашылды. Қазір аталған институтта төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 студент мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Бұл – еліміздегі жасанды интеллект саласын дамытуға және заманауи талаптарға сай жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Жиында осы жұмыстарды күшейту, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті өңірлік жоғары оқу орындарымен, облыстық білім басқармасымен, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, ғылымды дамыту және цифрландыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін Ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңес құру тапсырылды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды жан-жақты пысықтап, нақты ұсыныстар енгізу керек.

Басқосуда «Артспорт» бағдарламасының жүзеге асырылуы, аудандардағы әлеуметтік осал топтар үшін сатып алынған тұрғын үйлердің сапасы және санитарлық тазалық бойынша да тапсырмалар жүктелді. Қар еріп, дариядан мұз өтетін кезеңдегі ахуал қатаң бақылауда болуы тиіс. Күнделікті кезекшілік ұйымдастырып, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстау ескертілді.

Жиын соңында мереке күндері ұйымдастырылатын шаралар бойынша да тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

11 наурыз 2025 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 478
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31