» » Қармақшы ауданы әкімі жастармен кездесті

Қармақшы ауданы әкімі жастармен кездесті

«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» тақырыбында аудан әкімі Жандос Еркінбек жастармен еркін форматта кездесті.
Кездесуге кент және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары, жас спортшылар, жас кәсіпкерлер, белсенді оқушылар мен еріктілер қатысты.
Қармақшы ауданы басшысы бірінші кезекте жетістікке жеткен жас кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, ұлттық ойын – асық пен бес асық ойынын тамашалады. Кездесуді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров жүргізіп отырды. Онда қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді
- Жастар – қай кезеңде болмасын қоғамның қозғаушы күші, негізгі тірегі болып табылады. Еліміздің өркендеп өсуі өздеріңіз секілді жалынды жастардың белсенділігіне байланысты. 2022 жылы жастардың санаты 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл жастарымыздың мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуға мол мүмкіндік берді. Биыл ауданымыздан бой көтеретін «Руханият» орталығына жастар орталығы орналасады. Орталық жаңа ғимаратқа көшіп, жастардың жаңа тартылыс ортасы пайда болады, – деді Жандос Еркінбекұлы.
Сондай-ақ іс-шара барысында Қармақшы ауданы әкімі ауданның даму жолында қандай мәселелер, алдағы уақытқа қандай идеялар бар екенін сұрап, жастардың ой-пікірлерін тыңдап, еркін тақырыпта әңгіме өрбітті. Сонымен қатар әркез аудан жастарының бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.
Жастар – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылады. Қазірде ауданымызда жастарды жан-жақты дамытуда біршама жұмыстар атқарылып, жастар саясаты, оларды әлеуметтік экономикалық жағынан қолдау шаралары өз шешімін тауып келеді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 ақпан 2024 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930